
Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшылары, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың өкілдерімен кезекті кеңес өткізілді.
Кеңеске балалар интернаттық мекемелерінің қамқоршылық кеңестері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
2021 жылғы бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың қорытындылары талқыланды.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жетім балалардың құқықтарын бұзу фактілеріне талдау жүргізді, олардың ішінде отбасыларға орналастыру, балалар үйлерінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мерзімдерінің бұзылғаны анықталды.
Бибігүл Амангелдіқызы өз сөзінде кеңеске қатысушылардың назарын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкін тиісінше жүргізбегені үшін қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандарын, балалар үйлерінің басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігіне аударды.
Сонымен қатар жетім балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселесі балалар әл-ауқатының қазақстандық индексіне енгізілген.
Индекс балалардың әл-ауқатын және әртүрлі салаларда балалар үшін жағдай жасауға бағытталған ұлттық саясаттың тиімділік дәрежесін бағалауды жүргізу мақсатында әзірленді.
Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін енгізу өңірлер бөлінісінде балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі салалардағы шараларды тиімді іске асыруды тежеуші факторларды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар жетім балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау, тәрбиелеу және одан әрі өзін-өзі дамыту мәселелерін ынтымақтастықта жалғсытыру бойынша пікір білдіріп, ұсыныстарымен алмасты.