🔷2022 жылғы 8 ақпанда Балалар құқықтарын қорғау комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

🔷2022 жылғы 8 ақпанда  Балалар құқықтарын қорғау комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, БССҚЕД директорларының орынбасарлары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары қатысты.

Семинар-кеңесті ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Д. Ш. Жекебаев кіріспе сөзімен ашты.

ҚР БҒМ БҚҚК Ақпараттық-құқықтық қорғау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу басқармасының басшысы Е.С.Жиренбай Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2022 жылға арналған өзекті міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жұмысы жөніндегі нұсқаулықты таныстырды.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Д.Ч.Елубаева «Кейбір заңнамалық актілерге бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде қаралған түзетулерге қысқаша тоқталды. Өз сөзінде Д.Ч.Елубаева Заң жобасымен жұмыс аясында 20-дан астам жұмыс тобының жиыны өтіп, 300-ден астам түзетулер қаралғандығын айта келе: Түзетулер азаматтардың, оның ішінде балалардың ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, оларды қудалаудан (буллингтен) және кибербуллингтен қорғауға, әке болуды анықтауда баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда онлайн-оқыту саласында заңнамалық тетіктерді бекітуге бағытталған, - деді.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Т.А.Кастуганов кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша алдағы міндеттер мен іс-шаралар туралы стратегиялық құжаттарға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарларды айтып берді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар қатарындағы тәуекел топтарымен түрлі іс-шаралар өткізу, оларды өмірлік қиын жағдайдан шығаруға баса назар аудара отырып, отбасыларға кешенді әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету арқылы белсенді жұмыс жүргізу мәселесін қозғады.​