Балалар жылының негізгі мақсаты – бұл балалық шақ мәселелерін кешенді шешу, баланың лайықты және бақытты өмірі үшін жағдай жасау

Балалар жылының негізгі мақсаты – бұл балалық шақ мәселелерін кешенді шешу, баланың лайықты және бақытты өмірі үшін жағдай жасау

Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшылары, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың өкілдерімен кезекті кеңес өткізілді.

Кеңеске балалар интернаттық мекемелерінің қамқоршылық кеңестерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында балалар жылын өткізу шеңберіндегі тұжырымдама, іс-шаралар мен шаралар жоспары талқыланды.

Балалар жылының негізгі мақсаты – бұл балалық шақ мәселелерін кешенді шешу, баланың лайықты және бақытты өмірі үшін жағдай жасау. Өз сөзінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Стелла Ибраева балалар жылының кешенді іс-шаралар жоспарының негізгі бағыттары, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара әрекеттестік туралы айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар жетім балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау, тәрбиелеу және одан әрі өзін-өзі дамыту мәселелерінде ары қарайғы ынтымақтастық жөнінде пікір білдіріп, ұсыныс алмасты.