«Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы жөніндегі бесінші және алтыншы жиынтық мерзімді баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын орналастырығанын

«Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы жөніндегі бесінші және алтыншы жиынтық мерзімді баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын орналастырығанын

Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ашық НҚА» интернет-порталында «Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы жөніндегі бесінші және алтыншы жиынтық мерзімді баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын орналастырығанын хабарлайды (сілтеме: legalacts.egov.kz/npa/view?id=11649185).

Ағымдағы жылдың 6 қазанына дейін сізде Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы жөніндегі бесінші және алтыншы жиынтық мерзімді баяндаманың жобасымен (бұдан әрі – Баяндама жобасы) танысуға және баяндама жобасына түсініктемелер қалдыруға мүмкіндігіңіз бар.

Баяндама жобасы:

- Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерінің;

-2015 жылы (Женева қ.) Бала құқықтары туралы конвенцияның орындалуы туралы 4-ші мерзімді баяндаманы қорғау қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуы бойынша ақпаратты қамтиды.

Баяндама жобасының құрылымы 9 бөлімнен тұрады (І. Жүзеге асыру жөніндегі жалпы шаралар; II. «Бала» ұғымының анықтамасы; III. Жалпы қағидаттар; IV. Азаматтық құқықтар мен бостандықтар; V. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық; VI. Отбасылық орта және балама күтім; VII. Мүгедектік, базалық денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру; VIII. Білім, бос уақыт және мәдени іс-шаралар; IX. Арнайы қорғау шаралары).

Баяндама жобасын дайындауға мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылды.

2021 жылғы қарашада баяндама жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекіту жоспарлануда және жыл соңына дейін баяндама БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетіне (Женева қ.) жіберілетін болады. 

Қазіргі уақытта ұлттық және халықаралық сарапшылармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, баяндама жобасымен жұмыс процесі жалғасуда. Бұл Баяндама жобасы олардың және «Ашық НҚА» интернет-порталына түскен ескертулері мен түсініктемелерін ескере отырып пысықталуда.