
2021 жылғы 19 тамызда сағат 14.00-де онлайн форматта білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі аясында «Білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу тәжірибесі, балалардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру» атты секциялық кеңесі өтеді.
Секциялық отырыстың міндеті – балалардың құқықтарын қорғау бойынша балалар өкілдіктері қызметінің үздік тәжірибесін, білім беру ұйымдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесін, ұлттық кітап баспаларының инновациялық жобаларын таныстыру.
Республикалық кеңестің жұмысына өңірлік білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің басшылары мен мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық кітап баспаларының өкілдері қатысады.