Тамыз кеңесі - оқу жылының жоғары педагогикалық жиыны

Тамыз кеңесі - оқу жылының жоғары педагогикалық жиыны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде 2021 жылғы 9-19 тамыз аралығында Балалардың құқықтарын қорғау саласында 12 республикалық іс-шара өткізуді жоспарлауда.

Мақсаты: еліміздегі 6 109 715 баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметтің басым бағыттары бойынша 2020-2021 оқу жылындағы білім беру органдары мен ұйымдары жұмысының қорытындыларын талқылау. Қабылданған шаралар кешенінің тиімділігін талдау және 2021-2022 оқу жылына арналған баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін нығайту жөніндегі міндеттерді айқындау, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін дамыту.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының Құқық қорғау институттарының бірі ретінде   - балаларды қорғаудың ұлттық жүйелерін нығайтуда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл үйлесімділігін одан әрі нығайту қажет деп санайды.

Тамыз кеңесі - оқу жылының жоғары педагогикалық жиыны, біздің идеяларымызды біріктірудің және серіктестікті нығайтудың бірегей мүмкіндігі. Сондай-ақ балалық шақтың өзекті мәселелері жан-жақты  талқыланатын пікірталас алаңы.

📌 Тамыз кеңесінің секциялық жұмысына қатысуға 20-дан санаттан астам педагогтар мен мамандар шақырылды. Олар: білім басқармалары басшыларының орынбасарлары мен мамандары, аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімдерінің мамандары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен әдіскерлері, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, педагог-психологтар, өзін-өзі тану мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының Директорлар кеңесінің мүшелері, орта білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, балалар үйлерінің түлектері, балалар өкілдіктерінің мүшелері, балалар үйлерінің қамқоршылық кеңестерінің төрағалары, ҚР Парламентінің депутаттары және т.б.

Әрбір секция жұмысының қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жолданатын болады.

Барлық іс-шаралар онлайн режимінде өтеді.

Балалық шақ мәселелері бойынша өткізілетін шараларға  ZOOM платформасы арқылы 2 мыңнан астам қатысушы қамтылады. Facebook және YouTube әлеуметтік желілеріндегі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің парақшасы арқылы 50 мыңнан астам адам қатысады.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тамыз кеңесі аясында өткізілетін республикалық 12 іс-шараға қатысуға шақырады:

9 тамыз 2021 жыл. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ өкілдеріне арналған "Балалардың 2020 жылғы жағдайы туралы баяндамаға шолу: жағдайы, мәселелері, шешімдері" республикалық панельдік сессиясы

10 тамыз 2021 жыл. "Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы V-VI мерзімдік баяндама – 2021: шолу, талқылау, сараптамалық қорытынды" республикалық диалог алаңы.

11 тамыз 2021 жыл. Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған "Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау және алып жүру кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер мен шешу жолдары" республикалық конференциясы

11 тамыз 2021 жыл. "Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері туралы"республикалық кеңес.

12 тамыз 2021 жыл. "Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз етудің тиімді әдістері және олардың құқықтарын қорғау" республикалық семинар-кеңесі.

12 тамыз 2021 жыл. "Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың жаңа тәсілдері туралы" республикалық кеңес.

13 тамыз 2021 жыл. "Баланың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру – Тәуелсіз Қазақстанның басымдығы" республикалық панельдік сессиясы.

16 тамыз 2021 жыл. "Балалар әл-ауқатының қазақстандық индексі" Халықаралық бейне-көпірі.

17 тамыз 2021 жыл. "Балаларға арналған Бюджет" республикалық диалог алаңы.

18 тамыз 2021 жыл. "Өзін-өзі тану: сүйіспеншілікке қызмет ету" республикалық семинар-кеңесі.

19 тамыз 2021 жыл. "Оқушыларға материалдық және қаржылық көмек көрсетудің жаңа алгоритмдері" республикалық конференциясы.

19 тамыз 2021 жыл. "Білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу тәжірибесі, балалардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру" республикалық конференциясы.