
Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Балалардың 2020 жылғы жағдайы туралы баяндамаға шолу: ағымдағы жағдай, проблемалар, шешу жолдары» тақырыбында республикалық панельдік сессиясын өткізді.
Панельдік сессия жұмысына кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялардың хатшылары, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау басқармалары, полиция департаменті басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Жүргізілген шолудың қорытындысы негізінде баяндамаға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін сақтау бойынша ұсыныстар енгізілді.
Баяндама мемлекеттік органдар мен қоғамды балалардың ағымдағы жағдайы және орын алған проблемалар туралы объективті, жүйеленген ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.