
Бүгін ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Р.П. Шердің төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшыларымен және қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен кезекті кеңес өткізді.
Мемлекеттік бақылау шеңберінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкін қалыптастыру тәртібін, алу үшін кезекке қою мерзімдерін, отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын және т. б. бұзушылықтар анықталды.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарына практикалық көмек көрсету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап 7 онлайн кеңес және түсіндіру семинарлары өткізілді, апта сайын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және есепке қою мәселелері, республикалық деректер банкін толтыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және т. б. бойынша практикалық және оқыту семинарлары өткізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмысты күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында 348 ұйымға бақылау тексерулерін жүргізу жоспарланған.