Асырап алушыларға үміткерлердің психологиялық даярлығы туралы немесе асырап алушы ата-аналар мектебі дегеніміз не

Асырап алушыларға үміткерлердің  психологиялық даярлығы туралы  немесе асырап алушы ата-аналар мектебі дегеніміз не

Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өтуі бойынша міндетті талап енгізілгені белгілі.

Психологиялық даярлықтан жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 52 білім беру ұйымдарында, сондай-ақ аккредиттеуден өткен «Ана үйі» қоғамдық қорының қабылдаушы ата-аналар мектептерінде, «Ковчег» мекемесінде өтуге болады.

Осы уақыт ішінде 3192 азамат психологиялық дайындық курсынан өтті, 2112 адам оқуын жалғастыруда, 967 кандидат өз кезегін күтуде.

Асырап алушы ата-аналар мектебінің негізгі мақсаты –ата-аналарды балалар үйінен баланы қабылдауға дайындау.

Асырап алушы ата-аналар мектебі кімге пайдалы:

  • баланы қабылдау туралы түпкілікті шешім қабылдағандарға;
  • психологиялық қолдауды қажет ететін асырап алушы ата-аналарға.

Асырап алушы ата-аналар мектеп арқылы асырап алынатын баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін түсінуді, өз мүмкіндіктері мен шектеулерін бағалауды үйренеді деп үміттенеміз.

Сонымен қатар, мектеп бағдарламасынан ата-аналардың екеуі де өтеді, оны аяқтағаннан кейін психологиялық даярлықтан өткендігі туралы сертификат алады.

Естеріңізге сала кетейік, оқыту еліміздің барлық өңірлерінде тегін жүргізіледі.

        Асырап алушы ата-аналар мектептері туралы ақпаратты ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайтынан ала аласыздар.