
2021 жылғы 16 маусымда «Арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының қызметі бойынша» онлайн семинар өткізілді.
Онлайн кеңес жұмысына ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а. Д. Ш. Жекебаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Л.А. Әліпбаева, білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар қатысты.
Семинарда арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының қызметі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан тұрғылықты жері бойынша оралған балалардың жұмысқа орналасуына және 2021 жылғы 23 сәуірде берілген ұсынымдардың орындалуына жүргізілген мониторингтің қорытындысы шығарылды.
Арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының қызметін тексеру қорытындылары айтылды
ҚР ІІМ Л.А. Алипбаева арнайы мекемелерден оралған кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы құқық бұзушылық бойынша өзекті мәселелер талқыланды, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша тиімді шараларды анықтау және қабылдау үшін бірлескен іс-қимылдарға талдау жасалды.
Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша проблемаларды шешу жолдары мен ұсынымдар әзірленді.