
Білім және ғылым министрлігінің алаңында он-лайн режимде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асылованың төрағалығымен балалар үйлерінің директорларымен кезекті кеңес өтті.
Бүгінгі таңда коронавирусты қорғаудың жалғыз құралы вакцинация болып табылады.
Қазақстандық вакцинаның артықшылықтары туралы балалар үйлерінің директорларына Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының профессоры Л. Б. Кутумбетов айтып берді.
Сондай-ақ, профессор қазақстандық вакцинаның қауіпсіз, тиімділігі жоғары екендігіне және барлық сынақтардан өткендігіне назар аударды.
Биыл балалар үйінің қабырғасынан 688 түлек шығады, оның 155-і 11-сынып түлектері және 533-і 9-сынып түлектері.
Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Н.Ж.Оспанова колледждерге құжаттарды қабылдаудағы негізгі жаңалықтар мен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жеңілдіктер туралы айтып берді.
Кездесу соңында Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асылова барлығын вакцинациялауға шақырды. Вакцинация - бұл, әрине, ерікті процесс, бірақ сонымен бірге бұл коронавирустан қорғайтын құрал, вакцинация алғаннан кейін біз өзімізді ғана емес, жақындарымызды, тәрбиенушілерімізді да қорғаймыз, сонымен қатар бұл карантинсіз әдеттегі өмірге оралудың жалғыз жолы.