Кезекті оқыту семинары

Кезекті оқыту семинары

2021 жылғы 14 маусымда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-мен (мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын түсіндіру бойынша кезекті оқыту семинарын өткізді (2021 жылғы 24 мамырдағы №231 бұйрықпен өзгерістер енгізілді).

Аталған семинарға Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстарының білім беру органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушыларды білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы жаңалықтармен таныстырды (рәсімдік нормалар, жосықсыз өнім берушілер конкурстарына қатысуға тыйым салу бойынша талаптар, балалардың тамақтану сапасын «Халықтық бақылау» қызметін жандандыру бойынша іс-шаралар және т.б.).

Балаларды тамақтандыру сапасын мониторингілеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметіне ата-аналар қоғамдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және т. б. өкілдері белсенді қатыса алатынын атап өткен жөн.

Семинар барысында тамақтануды ұйымдастырудың жалпы мәселелері талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.