
Ақмола облысында санитарлық нормалардың сақталуы мен бейнебақылаумен жабдықтауға Целиноград ауданының және Біржан Сал атындағы ауданның орта білім беру ұйымдары тексерілді. Қостанай облысында балалар шығармашылық мектептеріне барды. Сондай - ақ, Нұр-Сұлтан қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернат, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар ауылы және арнайы мектептерінің қызметі зерделенді. Павлодар облысының өңірлік мониторингтік топтарының мүшелері «Қауіпсіз аттракцион», «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» акцияларына қатысып, онда балалар аттракциондары, ТҚС, мейрамханалар, кафелер, сауда-ойын-сауық орталықтары және т. б. қатысты. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі осындай кешенді мониторингтік іс-шаралар республиканың барлық өңірлерінде жүргізіледі. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда.
Құрметті қоғам қайраткерлері!
Сіздерді балаларымыздың құқықтарын қорғауға қатысуға шақырамыз!
Барлық сұрақтар бойынша сіз өз аймағыңыздың білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне немесе ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 7172 74 21 54.