
2021 жылғы 14 маусымда Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ Шығыс Қазақстан филиалының басшысымен, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрағасымен, «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа-орталық» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысымен, Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Е.Н. Березинская-Абиловамен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді.
Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдардың мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қаражат бөлу, тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі мектеп комиссиялары қызметінің тиімділігін арттыру, ведомствоаралық сараптамалық топтар, мектептегі тамақтану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік және т. б. мәселелері талқыланды.
Жобалық қызмет арқылы мектептегі тамақтануға қатысты үйлестіру іс-қимылдарын жүзеге асыру мәселесі кеңеске қатысушылар тарапынан үлкен үн қосты. Елена Николаевна барлық мүдделі органдар мен ұйымдардың мақсатты және өнімді қызметін үйлестіруге мүмкіндік беретін жобалық қызметті жүзеге асыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Комитет өз кезегінде Елена Николаевнаны «Мектеп асханалары. Мақұлданған-балалар!» жобасын жүзеге асырудың негізгі мақсаттарымен, көрсеткіштерімен және жолдарымен таныстырды, ол қазіргі уақытта даму сатысында.
Жалпы, барлық мүдделі тараптардың балаларды мектепте тамақтандыру сапасын арттыруға бағытталған келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын жалпы түсінуі атап өтілді.
Қорытындысы бойынша балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.