
Бүгінгі таңда республиканың 17 өңірінде 1876 психологиялық қызмет жұмыс жасауда. Онда балалардың құқықтарын қорғау бойынша 11 мыңнан астам маман бар.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша психологиялық қызметтер 2 млн.астам бала мен ата-анаға көмек көрсетті.
Психологиялық қызметтер балалар мен олардың ата-аналарына, сондай-ақ педагог-психологтарға вебинарлар, семинарлар, консультациялар, тренингтер өткізу, әдістемелік ұсынымдар мен жадынамалар әзірлеу арқылы әдістемелік көмек көрсету және психологиялық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізеді.
Бұл ұйымдарға шұғыл көмек пен қолдауды қажет ететін қиын өмірлік жағдайға тап болған кез келген бала жүгіне алады.