
Қазақстанда асырап алушы ата-аналардың 54 мектебі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам әлеуетті асырап алушы ата-ана психологиялық дайындықтан өтті. Балаларды асырап алғысы келетін азаматтармен тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді. Олар болашақ асырап алушы ата-аналарға бала асырап алуға дайындық бойынша тегін психологиялық көмек көрсетеді.
Асырап алушы ата-аналарды психологиялық даярлау жөніндегі бағдарламаның мазмұнына қойылатын талаптар бекітілді. Сабақтың жалпы көлемі-42 сағат немесе 14 сабақ. Дайындық тренинг түрінде жүзеге асырылады, курс аяқталғаннан кейін асырап алушы ата-аналарға бала асырап алу алдында даярлықтан өткені туралы сертификат беріледі.
Осылайша, балалар үйінің тәрбиеленушілерін асырап алғысы келетін азаматтар баланы отбасына қабылдағанға дейін сапалы психологиялық, педагогикалық кеңес алады.
Асырап алушы ата-аналар мектебінің арқасында балалар үйіне қайтарылған балалардың саны анағұрлым азайды.