"BALA QORǴAÝ" телеграмм-чаты балалардың құқықтарын бұзу жағдайларын жедел анықтайды

"BALA QORǴAÝ" телеграмм-чаты балалардың құқықтарын бұзу жағдайларын жедел анықтайды

2019 жылдан бастап Telegram мессенджерінде "BALA QORǴAÝ" чат-арнасы жұмыс істейді. Ол балалардың құқықтарын бұзу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жағдайларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасылардың өтініштері тәулік бойы 24/7 форматында қабылданып, қаралады. "BALA QORǴAÝ" телеграмм-чатында ересектер мен балалар кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады, психологтардан, арнайы мамандардан консультация, сондай-ақ қажетті құқықтық көмек алу мүмкіндіктері бар.

Чатқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің мамандары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша өңірлік департаменттердің басшылары, облыстық білім басқармаларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, психологтар мен әлеуметтік педагогтар қосылған.

Азаматтар балалардың құқықтарын бұзу фактілері және кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарым-қатынас жағдайлары туралы "BALA QORǴAÝ" чатына хабарлай алады. Чатқа қосылу үшін Telegram қосымшасының браузер жолында "bala_qorgau" деп теру қажет немесе сілтеме https://t.me/bala_qorgau бойынша өтуге болады.