2021 жылғы 12 және 13 мамырда Қазақстан балаларының әл - ауқат индексін бағалау әдістемесінің жобасын талқылау бойынша екінші және үшінші отырыстары өтті.

2021 жылғы 12 және 13 мамырда Қазақстан балаларының әл - ауқат индексін бағалау әдістемесінің жобасын талқылау бойынша екінші және үшінші отырыстары өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім, ғылым және балалардың құқықтарың қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңісінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының, Жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының, «Қаржы орталығы» АҚ, Ақпараттық-талдау орталығының, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдерінен 124 адам қатысты.

Сарапшылар балалар арасындағы буллингке, кәмелетке толмағандардың психобелсенді заттарды тұтынуына, сондай-ақ жалпы балалардың, оның ішінде мүгедек балалардың дансаулығына қатысты индикаторлар бойынша түсініктеме берді.

Индекс жобасын талқылауға Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, сонымен қоса Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім, ғылым және балалардың құқықтарың қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңісінің, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, Жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының балалық шақ саласындағы сарапшылары белсенді қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар өздерінің ескертулері мен ұсыныстарың ресми түрде Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне және Экономиқалық зерттеулер институтына жіберуге келісті.

Индекстің мақсаты – балалардың туылған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін әл-ауқатын қамтамасыз ету, балалардың әртүрлі салалардағы жағдайын жақсарту. Қазақстандағы Индекс бүкіл әлем бойынша короновирустық инфекцияның пандемиясынан туындаған «жаңа шындық» жағдайында өзекті болып табылатын балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық саясаттың тиімділігін жүйелі түсіну үшін талап етіледі.

Қазақстанда Индексті енгізу мемлекеттік органдарға балалардың әл-ауқатына байланысты мәселелерге. Оның ішінде өңірлік бөліністе уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік органдар стратегиялық бастамаларды қалыптастыру кезінде балалардың әл-ауқатын бағалау нәтижелерін ескеруі мүмкін. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігене оң әсер етеді.

Қазақстандық Индекске 7 доменді, 16 компонетті, 50 астам объективті және субъективті индикаторларды қосу ұсынылды. Талқылау барысында еліміздің ең өзекті индикаторлары таңдалады, олар жалпы балалардың әл-ауқатына әсер етеді: балалардың лайықты өмір сүру жағдайларына, білімге, денсаулық сақтауға, инфақұрылымға қол жетімділігі, зорлық-зомбылықтан қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Индексті өлшегеннен кейін күтілетін нәтиже балалар саясатын дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және балаларға қатысты ұлттық және жергілікті деңгейлерде қабылданатын шешімдердің сапасын арттыру болып табылады.