БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІ 2021 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІ 2021 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Жазғы каникул кезеңінде балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру мәселелерінде қызметтің нақты ұсынымдары мен бірыңғай алгоритмдерін әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2021 жылғы 12 мамырда құрамына облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, орталық атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енген жұмыс тобының отырысын өткізді.

Бүгінгі таңда балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың маңызды аспектісі балалардың сауықтыру демалысын, жұмыспен қамтылуын және бос уақытын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау болып табылады.

ҚР Бас дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 Қаулысы бойынша балаларды сауықтыру лагерлерін іске қосу барысы жайында сұрақтарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшылары Қожапова Р.А., Рақымжанова М. Т. жауап берді.

Жазғы демалыс кезінде балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы сындарлы мазмұнды әңгіме болды. Талқылау қорытындысы бойынша спикерлермен бірлесіп ұсынымдар әзірленді.