"Балалар бюджеті" әдістемесі. Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар Қорының өкілдерімен кеңесі жұмысы.

"Балалар бюджеті" әдістемесі.  Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар Қорының өкілдерімен  кеңесі жұмысы.

Әлеуметтік салаға жұмсалатын жыл сайынғы шығындар мемлекеттік шығыстардың жалпы көлемінде 40% - дан асады, қаражаттың едәуір үлесі нақ осы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және т.б.) кепілді мемлекеттік міндеттемелерді орындауға бағытталады.
Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында БҒМ балаларға қатысты мемлекеттік қолдау шараларының деңгейі мен тиімділігін бағалауға, оларды ЭЫДҰ елдерімен шығыстардың құрылымымен салыстыруға мүмкіндік беретін "балалар бюджеті" әдіснамасын әзірлеуді жоспарлады.

Сонымен қатар, "балалар бюджеті" әдістемесі жергілікті атқарушы органдардың Балалардың құқықтарын сақтауға және осы бағыттағы іс-шараларға байланысты барлық қаржылық қамтамасыз етілуге қатысты мәселелерді шешуге тартылу деңгейі мен белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Бүгін осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар Қорының өкілдерімен кеңесі жұмысы өткізілді.
Балаларға арналған бюджетті қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі қарастырылды, "балалар бюджетін" есептеуде қандай өлшемдер (тікелей (міндетті және кепілдендірілген) және жанама (ілеспе) шығындар қолданылуы мүмкін екендігі, әдістемеге демеушілік көмектен түсетін қаражатты қосу қажеттігі қаралды.
Бұл бағыттағы талқылау жұмысы барлық мүдделі тараптардан ұсыныстар алу үшін барынша қолжетімді және ашық форматта жалғасатын болады.