«БАЛАЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰРЛАУДЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ГААГА КОНВЕНЦИЯСЫН ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

«БАЛАЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰРЛАУДЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ГААГА КОНВЕНЦИЯСЫН ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

2021 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі IRZ Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен бірлесіп, 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенцияны іске асыру шеңберінде «Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага Конвенциясын жүйелеу және негізгі ерекшеліктері» халықаралық семинарын өткізді.

Конвенция Қазақстан Республикасының аумағында 2013 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді. Оның мақсаты, Конвенцияның мүшесі болып табылатын кез-келген елге заңсыз көшірілген балаларды шұғыл қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады.

Іс-шараға Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының бас хатшысы және оның бірқатар өкілдері, Халықаралық Гаага судьялары желісінің мүшелері, Германия Федералдық әділет ведомствасының, IRZ қорының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Білім, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ювеналды сот судьялары, прокуратура, ішкі істер, білім органдары қызметкерлері, халықаралық ұрлау мәселесімен айналысатын халықаралық сарапшылар қатысты.

IRZ қоры процедуралық-құқықтық базаны қоса алғанда, тәуелсіз және жұмыс істейтін Әділет қалыптастыру процесінде серіктес мемлекеттерге қолдау көрсетеді.

Бүгінгі таңда IRZ қоры 30-дан астам елде заңнама, оқыту және біліктілікті арттыру саласында кеңес беру қызметтерін ұсынады.

Шетелдік спикерлердің сөз сөйлеуінің алдында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н.Иманғалиев Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдірудің орта мерзімді басымдықтарын атап өтті.

Кіріспе сөзінде Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының бас хатшысы доктор Кристоф Бернаскони баланы ұрлауға, халықаралық бала асырап алу процедураларына және басқаларына қатысты мәселелерді шешуде әдістемелік қолдауға, консультативтік қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Гаага конференциясының бірінші хатшысы, доктор Жерардин Го Эксколар өз сөзінде халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага конвенциясының ерекшеліктері туралы айтты.

Гаага конференциясының заңгері Ракель Салинас Пешото балаларды ұрлау туралы 1980 жылғы конвенцияға сәйкес істерді қараудың аналитикалық негіздері жөніндегі құқықтық зерттеудің нәтижелерін ұсынды.

Панков/Вайсензее (Германия) аудандық сотының судьясы, Халықаралық Гаага судьялар торабының байланыс жөніндегі судьясы, Еуропалық сот торабының байланыс судьясы Джоанна Гутцейт ханым семинар қатысушыларын қамқоршылық мәселесі мен халықаралық балаларды ұрлау процедуралары арасындағы айырмашылықтармен таныстырды.

Германияның халықаралық ұрлау жөніндегі орталық органы - Федералдық әділет ведомствосының құқық мәселесі жөніндегі маманы жинақталған тәжірибемен бөлісті.

Аталған халықаралық іс-шара балалық шақ мамандары үшін халықаралық балаларды ұрлауы мәселесі бойынша өзекті пікірталас алаңы.

Іс-шараның бейнежазбасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің YOUTUBE-арнасында орналастырылды.