АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

2021 жылғы 16 сәуірде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен облыстық білім басқармалары басшыларының, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жауапты мамандардың, орталық атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «2021 жылғы жазғы каникул кезеңінде сауықтыруды, демалысты, бос уақытты және жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» кеңесін өткізді.

Кеңесте ҚР БҒМ құқық қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев жиынға қатысушыларға өңірлердің балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайындығы туралы ақпарат беріп, балалардың сауықтыру демалысын, жұмыспен қамтылуын және бос уақытын ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың мәні мен маңыздылығын атап өтті.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басқарма басшысы Рахимжанова Марал Тлеулесқызы кеңеске қатысушыларды ағымдағы жылғы балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың ерекшеліктерімен таныстырды. Балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметін қалпына келтіру мәселесі Қазақстан аумағында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясында қаралатын болады.

ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Серікұлы Асқаров, ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Аблайұлы Төрегелдиев қатысушыларды тексеру нәтижелерімен таныстырып, балалардың ұжымдық демалысын ұйымдастыруда орын алған қауіпсіздіктің негізгі бұзушылықтарын атап өтті.

«Қазақтуризм» ҰК АҚ» туристік өнімді дамыту департаментінің директоры Даниэль Сержанұлы қатысушыларды балаларды сауықтыру лагерлерін түгендеу жөніндегі жобамен таныстырды.

«Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінің директоры Аденова Мақпал Камитқызы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы РМҚК бас директоры Алибаев Сержан Тулеметович санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау жағдайында балаларды сауықтыру лагерлерінің жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кету керек, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы РМҚК мамандары карантиндік іс-шаралар кезеңінде тәлімгерлік шеберлік орталықтарының жұмысын ұйымдастыруға қатысып, онлайн курстар арқылы республиканың барлық өңірлерінен тәлімгер-жаттықтырушыларды дайындады.

2020 жылдың жазында қатаң карантин кезеңінде тәлімгерлік шеберлік орталықтары 200 мың балаға арналған 3 мыңнан астам онлайн іс-шараның бастамашысы болды. ZOOM-платформалар арқылы балалар театр қойылымдары, тренингтер, конкурстар, жазғы онлайн оқулар мен акциялар көрсетілді.

Жеке меншік балалар лагерлерінің жағдайы мен рөлі туралы Серік Қасенов, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Туризм департаментінің сарапшысы, Сұлтанов Қайрат Абайдоллаұлы, республикалық балалар-жасөспірімдер туризмі қауымдастығының төрағасы сөз сөйледі.

Осылайша жазғы демалыс кезінде балалардың жазғы демалысын, олардың сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы сындарлы әрі мазмұнды әңгіме қозғалды. Кеңес соңында спикерлермен бірлесіп ұсыныстар әзірленді.