Кеңес барысында жетім балалардың өмір сүру жағдайы, оларды туған отбасына қайтару, сондай-ақ отбасылық тәрбие мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында жетім балалардың өмір сүру жағдайы, оларды туған отбасына қайтару, сондай-ақ отбасылық тәрбие мәселелері талқыланды.

БҮГІН ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Б.АСЫЛОВАНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖЕТІМ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН, ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАНДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗЕКТІ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ.

ККеңес барысында жетім балалардың өмір сүру жағдайы, оларды туған отбасына қайтару, сондай-ақ отбасылық тәрбие мәселелері талқыланды.Кеңес барысында жетім балалардың өмір сүру жағдайы, оларды туған отбасына қайтару, сондай-ақ отбасылық тәрбие мәселелері талқыланды.еңес барысында жетім балалардың өмір сүру жағдайы, оларды туған отбасына қайтару, сондай-ақ отбасылық тәрбие мәселелері талқыланды.

Елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетудің кешенді жүйесі құрылған. Балалар үйлерінде балалардың лайықты өмірлік перспективаларын қалыптастыру, олардың білімі, тәрбиесі мен әлеуметтенуі үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Кезекті кеңесте Бибігүл Амангелдіқызы үйлесімді даму үшін балаға ата-ана қамқорлығы мен махаббаты қажет екенін баса атап өтті. Осыған байланысты балаларды қорғау саласындағы әрбір маманның басым міндеті балаларды қандас отбасыларға қайтару немесе оларды алмастыратын отбасыларға орналастыру бойынша дереу шаралар қабылдау болып табылады.

Сонымен қатар, әрбір осындай отбасы көмекке және сүйемелдеуге мұқтаж. Сондықтан, 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап бала асырап алуға үміткерлер үшін психологиялық дайындық курстары енгізілді. Бұл 3192 үміткерге баланы қабылдауға және оған барлық қажетті жағдайларды жасауға дайын болуға мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар, әрбір ата-ана отбасылық тәрбие институты құрған Ата-аналарға арналған халықаралық арнайы онлайн мектепте оқып, ата-ана тәрбиесі бойынша өз білімі мен дағдыларын жетілдірудің бірегей мүмкіндігіне ие бола алады.

Кездесу соңында отбасылық тәрбие институтының бас директоры С. Л. Евдокимова ата-ана болуды үйренуге, асырап алушы ата-аналарға үміткерлердің ғана емес, әрбір адамның психологиялық және педагогикалық құзыреттілігін арттыруға шақырды.