
Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларымен және қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың өкілдерімен кезекті кеңес өткізілді.
Кеңес барысында балалардың психикалық денсаулығы, мінез-құлық ерекшеліктері және олардағы әлеуметтік-мінез-құлық бұзылыстарының алдын алу мәселелері, сондай-ақ Институционализация, балалар интернаттық мекемелерін трансформациялау шеңберіндегі мәселелер талқыланды.
Еліміздегі танымал психиатр-дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы Кудьярова Галия Махметовна балалар үйлерінің басшыларымен өз тәжірибесімен және білімімен бөлісіп, өз сөзінде балаларға кәсіби психологтардың білікті көмегін көрсету қажеттілігі туралы айтты. Әсіресе, денсаулығына байланысты белгілі бір проблемалары бар жетім балалармен психологтардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, танымдық іс-әрекеттің және эмоционалды-еріктік саланың жетіспеушілігін жеңу, оларды өнімді жұмысқа қатысуға дайындау, қазіргі қоғам жағдайында әлеуметтік бейімдеу өте маңызды.
Сондай-ақ, «Ана үйі» ҚҚ өкілдері интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріндегі мінез-құлық бұзылыстарын түзетудің оларды отбасыларға тәрбиелеуге беру кезіндегі оң үрдістерді атап өтті. Отбасы немесе отбасына жақын жағдай жасау жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды сәтті әлеуметтік бейімдеудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Отбасылық тәрбие әлеуметтік өзара әрекеттесудің бұзылуын, өз-өзіне күмәндануды, өзін-өзі ұйымдастыру мен мақсаттылықты азайтуға көмектеседі.
Осыған байланысты интернаттық мекемелерді өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар мен отбасыларды қолдау орталықтарына айналдыру үлкен өзектілікке ие болып отыр.
Осылайша, балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ана үйі» ҚҚ-мен бірлесіп, Ақмола облысының Ақкөл балалар үйін балалар мен отбасыларды қолдау орталығына айналдыру бойынша жұмыс жүргізуде, оның шеңберінде қандас отбасыларды қолдау, отбасылық орналастыру және сүйемелдеу қызметтерінің, сондай-ақ балаларды қолдау және оңалту қызметінің жұмысы ұйымдастырылатын болады.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар жетім балаларды тәрбиелеу және одан әрі өзін-өзі табысты іске асыру мәселелерінде одан әрі ынтымақтастық жөнінде пікір алмасып, ұсыныстар білдірді.