
2021 жылғы 4-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен республиканың білім беру мекемелерінде «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өткізілуде.
Мақсаты: балалар мен ересектер ортасында интернет ресурстарды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі сұхбаттасушыларға құрметпен қарау, желідегі қолданушыларының жауапкершілігін жоғарылату, ересек қолданушылардың кәмелетке толмағандардың интернет сауаттылығына жауапкершілігі туралы ақпараттандыру.
Кампания аясында республиканың білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, оқушылардың тәжірибелі бағдарламашылар және психологтармен кездесулері, сұхбаттар, дебаттар және басқа да: «Интернеттің оң және теріс жақтары», «Интернет дегеніміз не?», «Пайдалы әрі қауіпсіз интернет», «Балаларға қауіпсіз интернет бала кезінен қажет», «Интернет және біз» сынды тақырыптар қарастырылады.
Мектеп оқушылары арасында «Қауіпсіз Интернет», «Әлеуметтік желідегі этикет», «Интернет менің өмірімде» тақырыптарында шығармалар байқауы мен плакаттар, буклеттер көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.