
Адамның үйлесімді даму ұлттық институты президентінің міндетін атқарушы Ирина Владимировна Калачева қатысушыларға институт жұмысының міндеттері мен бағыттары туралы қысқаша айтып өтті.
Жоғары оқу орнында білім алушылардың өзін-өзі тану құндылық бағдарларын қалыптастыру туралы іс-тәжірибесімен «М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ басқарма төрағасы - ректор Кожамжарова Дария Пернешқызы баяндап берді.
Жоғарғы оқу орындарында өзін-өзі тану пәнін оқытудың жай-күйі туралы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша Үйлестіру кеңестерінің қызметі туралы педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Жиенбаева Сайраш Нағашбаевна баяндады.
Елімізде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы эксперименталдық алаңдардан қазақстандық балалардың адамгершілік - рухани тәрбиесі мен зияткерлік қалыптасуындағы инновациялық өзгерістердің генераторына дейінгі жолдан өтті.
Бұл біздің еліміз үшін маңызды оқиға, мемлекеттік міндеттерді шешудің қуатты факторы, қазіргі жаһандық әлемнің сын-қатерлеріне жауап.