
2021 жылғы 16 наурызда өңірлік білім басқармаларының өкілдеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың, жалпы орта білім беру, ТжКБ ұйымдарының басшылары мен өзін-өзі тану пәні педагогтарына «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ қызметі ұсынылды.
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты президентінің міндетін атқарушы Ирина Владимировна Калачева отырысқа қатысушыларды институттың міндеттері және бағыттарымен таныстырды.
Елімізде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы эксперименттік алаңдардан қазақстандық балалардың адамгершілік - рухани тәрбиесі мен зияткерлік қалыптасуындағы инновациялық өзгерістердің генераторына дейінгі жолдан өтті.
Бұл біздің еліміз үшін маңызды оқиға, мемлекеттік міндеттерді шешудің қуатты факторы, қазіргі жаһандық әлемнің сын-қатерлеріне жауап.
«Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты» КеАҚ педагогтар мен ата-аналардың бүкіл қоғамдастығы үшін адамгершілік-рухани тәрбие жөніндегі ғылыми-әдістемелік алаңға айналады.