Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету және олардың қызметін жетілдіру мақсатында республикалық отбасылық үлгідегі балалар ауылдарының Үйлестіру кеңесі құрылды.

Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларымен және қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың өкілдерімен кезекті кеңес өткізілді.
Қашанда түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру күтілетін нәтижелермен қатар қобалжуға толы сәттер болып табылады. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Н.А. Дидарбекова осы жылы болашақ талапкерлерге қалай дайындалу керектігін және негізгі емтиханды қалай сәтті тапсыру керектігін айтты.
Сондай-ақ, бүгін "SOS Қазақстанның балалар ауылдары" корпоративтік қоры Балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу саласындағы инновациялық тәсілдерді дамыту мәселесіндегі оң тәжірибелерімен бөлісті.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету және олардың қызметін жетілдіру мақсатында республикалық отбасылық үлгідегі балалар ауылдарының Үйлестіру кеңесі құрылды.
Үйлестіру кеңесі балалар ауылдарының дамуына жаңа серпін береді. Жетім балалардың отбасыларда өмір сүру және тәрбие алу құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ олардың адамгершілік-рухани, еңбек тәрбиесі мен білім алуын жан-жақты қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады.
Бибігүл Амангелдіқызы өз сөзінде Балаларды қорғау саласындағы әрбір маман мен ұйымның үйлесімді және дұрыс жұмыс жасауының ерекше маңыздылығын атап өтті.
Кеңеске қатысушылардың назары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану мәселелеріндегі заңнаманы сақтау қажеттігіне аударылды.
Республикалық деректер банкі жетім балаларды отбасына орналастыру мәселелерінде маңызды құрал болып табылады, оны әрбір жауапты маманның сапалы жүргізуі ата-ана махаббаты мен қамқорлығынан айырылған баланың болашақ өмірі мен тағдырына тікелей әсер етеді.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың Балалардың құқықтарын қорғау бөлігіндегі жұмысын жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды.