
Бүгін ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшыларымен, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың өкілдерімен кезекті кеңес өткізді.
Кеңесте балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында адамгершілік-рухани білім беру және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту мәселелері талқыланды.
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының директоры И.В. Калачева "Өзін-өзі тану" сабағы адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу мен балалардың өмірлік қажетті дағдыларын дамытуда үлкен рөл атқаратындығы туралы айтып, баламен бірге уақыт өткізудің, оған кітап оқудың, бірлескен шығармашылық қызметтің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Баланы жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда олардың тағдыры мен ұмтылысына бей-жай қарамайтын үлкендер қауымының қарым-қатынас тәжірибесі маңызды.
Осылайша, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалар қамқоршылар кеңесінің мүшелері ретінде тек тәлімгерлерді ғана емес, оларға барлық жағынан көмек пен қолдау көрсететін нағыз достарды да тапты.
Заңнамалық норма енгізілді, оған сәйкес балалардың білім беру мекемелерін басқарушы лауазымға тағайындау осы ұйымның қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша жүзеге асырылады және бұл олардың қызметіне оң серпін береді.