
2021 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылованың төрағалығымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жөніндегі республикалық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысында Республикалық Кеңес мүшелері «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін: жетістіктер, өзекті мәселелер мен перспективаларды талқылады.
Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты қызметінің бағыттары мен міндеттері туралы «Үйлесімді дамудың ұлттық институты» КеАҚ Президентінің м. а. И. В. Калачева баяндап берді.
Білім берудің барлық деңгейлерінде адамгершілік-рухани білім беру бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері қаралды.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асыру бойынша базалық және пилоттық білім беру ұйымдарының желілік өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізілді.
ТжКБ және ЖОО-да «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың және қашықтықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың жай-күйі туралы ақпарат тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды.