БАЛАЛАР ӘР МЕКТЕПТЕ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ КЛУБТАР ҚҰРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

БАЛАЛАР ӘР МЕКТЕПТЕ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ КЛУБТАР ҚҰРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

2021 жылғы 4 наурызда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық балалар өкілдіктері кеңесінің мүшелері және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Әзімовамен онлайн форматта кездесу ұйымдастырды.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Е.Иманғалиев жас құқық қорғаушылар мен әріптестерін құттықтады.
Кездесу барысында Эльвира Әбілхасымқызы балалар өкілдіктерінің мүшелеріне елімізде адам құқықтарын іске асыру туралы айтып берді.
Жас құқық қорғаушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.
Нұр-Сұлтан қаласындағы №85 мектептің оқушысы Ерсұлтан Сарқытбай ақылы білім беру қызметтері нарығын реттеу және бақылау қажеттілігіне назар аударуды сұрады.
Жас блогерлер Медина мен Фатима Майсар әр мектепте антибуллинг клубтарын құру туралы ұсыныс жасады, жас құқық қорғаушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Балалар Эльвира Абылхасымовнаның әр сөзін ұйып тыңдады.
Қызылорда қаласындағы №140 мектептің оқушысы Ақмарал Сартова қыздардың құқығын қамтамасыз ету және Нұр-Сұлтан қаласындағы №52 мектептің оқушысы Руслан Захаренко балалардың қауіпсіздігі туралы өзекті сұрақтар қойды.
Кездесу соңында балалар Э.Әбілхасымқызына алғыстарын білдірді.