
Кеңесте балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі және балалармен болған жағымсыз оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ қорғаншылық органдарының қызметіндегі проблемалық мәселелер қайта көтерілді.
Өткен айда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті мен аумақтық департамент өкілдерінен тұратын мониторингтік топ Алматы, Жамбыл облысы мен Алматы қаласының қорғаншылық органдарының, білім беру ұйымдарының жұмысын ұйымдастыруды зерделеді.
Тексеру нәтижелері бойынша түрлі бұзушылықтар анықталды: жетім балалардың республикалық деректер банкіне балалар туралы деректерді уақтылы және толық енгізбеу, қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметіне тиісінше бақылау жасамау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүруі бойынша шаралар қолданбау және т.б.
Бибігүл Амангелдіқызы өз сөзінде балалардың құқықтарын қорғау және іске асыру мәселесі балаларды қорғау саласындағы әрбір маманның өз лауазымдық міндеттерін орындауына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға өз қызметін жақсарту және жетілдіру, балалардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу жөнінде ұсынымдар берілді.
Әр баланың тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмауы керек. Балалардың бақыты мен амандығы, олардың болашағы ересектердің қолында.