«COVID-19 пандемиясымен күрес жағдайында балалардың денсаулығы үшін жауапкершілікті күшейту»

«COVID-19 пандемиясымен күрес жағдайында балалардың денсаулығы үшін жауапкершілікті күшейту»

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Қазақстанның балалар қоры» ҚҚ-мен бірлесіп, 2020 жылғы 8 ақпанда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін «COVID-19 пандемиясымен күрес жағдайында балалардың денсаулығы үшін жауапкершілікті күшейту» тақырыбында онлайн форматта ақпараттық семинарлар циклін аяқтады.

Әрбір баланың денсаулығын қорғау құқығына ҚР Конституциясының 29-бабы және «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының 8-бабында кепілдік берілген. COVID-19 пандемиясы жағдайында балалар ұйымдарында балаларға кәсіби сапалы медициналық көмек көрсету мәселесі ерекше назарда тұр.

Жасөспірімдерде дамудың оң факторларымен қатар, жеке дамудың үйлесімсіздігінде, баланың тұрақты мүдделерінің өзгеруінде, ересектерге қатысты мінез-құлықтың наразылық сипатында және т.б. көрінетін теріс көріністер болуы ықтимал.

Онлайн-семинарлар жасөспірім балалардың даму ерекшеліктерін және оларды COVID-19 жағдайында бақылау ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Қатысушылар балалар құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарымен және бала құқықтары туралы Конвенцияның жалпы принциптерімен танысты.