
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желілерде «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ХАЛЫҚ БАҚЫЛАУЫНДА» қоғамдық қозғалысының бастау алғандығын хабарлайды.
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің фейсбуктегі ресми парақшасында балаларға қауіп төндіретін объектілердің – ашық құдықтардың, сынған әткеншектердің, бұзылған аялдамалардың, ақауы бар мектеп көліктерінің, жабдықталмаған балаларға арналған шомылу орындарының фотосуреттері мен бейнежазбаларын орналастыруға болатын топтың https://www.facebook.com/groups/415413599700991/permalink/415413629700988/ арнайы парақшасы ашылды.
Егер сіз балаға қауіп төндіретін обьектіні байқасаңыз, оның орналасқан жерін көрсете отырып, @kopd_mon_rk хэштегі мен суретті (видео) жедел түрде әлеуметтік желіге орналастыруыңызды сұраймыз.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес шұғыл шаралар қолданылады.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз.