НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ - БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ - БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Бүгін ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшыларының, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілдерінің қатысуымен кезекті жиын өткізді.

Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олармен болуы мүмкін ​ төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері тағы да көтерілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқығын бұзу фактілеріне талдау жасады.

Оқиғалар мониторингі балалардың қаза болуы мен жарақаттануының негізгі себептері ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, қауіпсіздік шаралары мен мінез-құлық қағидаларының сақтамауы болып табылатынын көрсетті.

Сонымен қатар, кеңесте Комитеттің 2020 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылып, еліміздегі балалардың жағдайын жақсарту бойынша жоспарланған іс-шаралар таныстырылды.

Мәселен, Қазақстанда балалардың әл-ауқатының индексі енгізілетін болады. Сондай-ақ, балалар бюджетінің 5%-ке ұлғайту көзделген. Алдағы уақытта балалармен орын алатын жағымсыз жағдайларға ден қою бойынша мобильді топтар өз жұмысын бастайды.

Осы шаралардың барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға және жағымсыз салдарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау және олармен болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Комитет пен жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды.