БҒМ 2020 ЖЫЛЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

БҒМ 2020 ЖЫЛЫ  КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы аяқталатын отырысында өңірлік комиссиялар қызметінің қорытындылары шығарылды. Мониторинг Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен 80-нен астам отырыстарға онлайн қатысумен жүргізілді.

Комитет қызметкерлері бірқатар жүйелі проблемаларды анықтады, оларды шешу жергілікті атқарушы органдардан жедел ден қою шараларын қабылдауды талап етеді, олар:

1) комиссиялардың отырыстарында өмірлік қиын жағдайда қалған отбасылардың мәселесі емес, лауазымды тұлғалардың есептерін тыңдау;

2) отырыстарды облыс, аудан қаласы (Нұр – сұлтан Қ., Петропавл қ., Түркістан облысының Сарыағаш ауданы) әкімінің орынбасары-төрағаның қатысуынсыз өткізу;

3) көшпелі және кезектен тыс отырыстар практикасының болмауы (Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық өңірлер);

4) өңірлік комиссиялар төрағаларының әлсіз үйлестірушілік рөлі және балаларға әлеуметтік оңалту мен көмек көрсету жөнінде нақты шешімдер қабылдау;

5) комиссияның жұмыс органының функцияларын білім, ішкі саясат басқармаларына жүктеу;

6) кадрлардың тұрақтамауы;

7) комиссиялардың қызметін жария ету бойынша әлсіз ақпараттық-түсіндіру жұмысы (Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарын қоспағанда, барлық өңірлер);

8) әкімдік аппаратта (Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Атырау облыстары, Алматы қаласы) комиссия хатшысының жекелеген штат бірлігін бөлу туралы тапсырманы орындамау жатады.

Жалпы Комиссия қызметін ұйымдастыруда оң динамика байқалады. Егер жыл басында босатылған хатшылардың штат бірліктерімен қамтамасыз етілу пайызы 50% - дан аспаса, қазір ол 80% - ға жетті.

Ағымдағы жылғы 29 желтоқсанда Үкімет отырысында ҚР Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссияның жұмысын регламенттейтін қаулы қабылданды. Келесі жылы Отырыстар тоқсан сайын өткізіледі, ал олардың орындалуы туралы ақпарат Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмалардың орындалмауына жол берген тұлғаларға шаралар қабылдай отырып, Үкіметке жіберілетін болады. Сондай-ақ, ВАК мүшелері қарайтын мәселелер шеңбері кеңейтілді.