««Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогы»

««Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогы»

2020 жылдың 30 желтоқсан күні «Бөбек» ҰҒПББСО-нда, ZOOM платформасында ««Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогы» республикалық байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілмек.

Іс-шара барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибигүл Асылова мен «Бөбек» ҰҒПББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова алғы сөз сөйлейді. Қатысушылар назарына Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейнедәрісі ұсынылып, шығармашылық нөмірлер көрсетілмек.

«Бөбек» ҰҒПББСО, ҚР БжҒМ қолдауымен, 2020 жылдың 2 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында, мектепке дейінгі, орта, техникалык және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогы» республикалык байқауы өткізілді.

Байқау «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мен дамытуды көздейтін оқу орындарында жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған болатын.

Іс-шара Фейсбук желісінің «Бөбек» Өзін-өзі тану», «Өзін-өзі тану маржандары», «Өзін-өзі тану әлемі» парақшаларында жарияланады.