
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық «Аялаған алақан» қайырымдылық қорының бастамасымен, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған тегін онлайн шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Құрметті достар!
Маңызды оқиғаға арналған ізгілікке толы қайырымдылық істердің барлығы біздің Отанымызға деген риясыз сүйіспеншілік пен адалдықтың үлгісі болып табылады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс айтамыз.
Шеберлік сыныптары 2020 жылғы 11-25 желтоқсан аралығында өткізіледі. Оған республиканың барлық аймағындағы балалар қатысады.
Балалардың ең жақсы жұмыстары 2021 жылы ұйымдастырылатын халықаралық көрмеге қойылатын болады.