
ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!
Еліміздің басты мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар құқығын қорғау бойынша балалар өкілдері «Бала жүрекке бақыт сыйла» мерекелік-қайырымдылық акциясын қолға алды.
Тәуелсіздік күні – халқымыздың сан ғасырлар бойғы арманына қол жеткізген айтулы дата.
Сондықтан, айрықша оқиғаға арналған барлық игі амалдарымыз, ізгілікті істеріміз Отанымызға деген риясыз сүйіспеншілік пен адалдығымыздың үлгісі болып табылады.
Сіздерді балалардың бастамасын қолдауға, қалаңыздағы, ауданыңыздағы, ауылыңыздағы балаларға көңіл бөліп, қамқорлық жасауға шақырамыз.
Анықтама телефондары 8(7172)741651, 8(7172)741932