БӘРІ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ!

БӘРІ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ!

Бүгін, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы ZOOM платформасында «Бәрі Сүйіспеншіліктен басталады!» тақырыбында Алғашқы Қазақстандық Ата-аналар оқуларын өткізді.

Алғашқы Қазақстандық Ата-аналар оқуларына ҚР БжҒМ-нің және аймақтық білім басқармаларының өкілдері, Ресей мен Грузиядан қонақтар, ғалымдар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, орта білім беру мекемелерінің, ТжКБ және жоғары оқу орындарының басшылары мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері және ата-аналар қатысты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің Балалар құқығын қорғау бойынша Комитетінің төрағасы Е. Н. Иманғалиев, «Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Е. Н. Сәкенова, Халықаралық Адамгершілікті Педагогика орталығының президенті, академик, профессор, ғылымдар докторы Ш. А. Амонашвили (Грузия) және «Ата-аналар қамқорлығы» Халықаралық қозғалысының төрайымы, х.ғ.к. К. Ш. Мансурова (Ресей) алғы сөз сөйледі.

Қатысушылар назарына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысовна Назарбаеваның бейне дәрісі ұсынылады.
Ресейден психология ғылымдарының кандидаты, Жоғарғы практикалық психология мектебінің директоры, бизнестің жеке дамуы мен отбасылық қарым-қатынастар саласындағы психолог-кеңесші, «Үшінші мыңжылдықтың психологиясы» Білім беру жобасының қатысушысы Алексей Бабаянц өз баяндамасында кей кезде балалар бағынбай, неге тілімізді алмайтынын айтты.

«Бөбек» ҰҒПББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова «Отбасы мен мектеп: ынтымақтастық шегі» тақырыбын жан-жақты ашып берді. Ол отбасы мен мектептегі баланың адамгершілік-рухани тәрбиесіне жалпыадамдық құндылықтар негізіндегі түсініспеншілік пен бірыңғай жол – бұл бала бақытты болуына педагогтар мен ата-аналар көмектесетін жол екенін атап айтты. Сосын ол мектеп пен отбасының қарым-қатынастарының негізгі бағыттары жөнінде мәлімдеді.
Сондай-ақ, «Бөбек» ҰҒПББО-ның Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры Ирина Калачева «Өзін-өзі тану сабағындағы саналы ата-алалық тәрбие» тақырыбында, Сара Алпысқызының «Отбасылық ошақ – адамдық құндылықтар бесігі» идеясын ашып берді.

Сонымен қатар, «Бөбек» ҰҒПББО-ның «Өзін-өзі тану» гимназиясының директоры Елена Лосева «Отбасы – адамның рухани тірегі» тақырыбындағы баяндамасында балаларды тәрбиелеуде отбасының рөлін және Ата-аналар университетінің жұмысын толық ашты.

Алғашқы Қазақстандық Ата-аналар оқуларының қатысушылары отбасы мен балалықшақ саласындағы кәсіби ынтымақтастық әрі қарай кеңейіп, нығайтылатынына сенім білдірді.