1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция шеңберінде заңсыз көшірілген балаларды қайтару жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері бойынша Халықаралық семинар өткізу туралы
Пресс-релиз
- Бүгін 2020 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бейнеконференция форматында «1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция шеңберінде заңсыз көшірілген балаларды қайтару жөніндегі шараларды іске асыру» атты Халықаралық семинар өткізді.
- Халықаралық семинар жұмысына ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Бас хатшы Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының бірқатар өкілдері, халықаралық Гаага сот желісінің, Германия Федералдық әділет ведомствосының, IRZ Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының мүшелері, ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Бас прокуратурасының, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің өкілдері, ювеналдық соттың судьялары, прокуратура, ішкі істер, білім органдарының қызметкерлері, балаларды Халықаралық ұрлау мәселелерімен айналысатын халықаралық сарапшылар белсенді қатысты.
- Іс – шара өтіп бара жатқан жылдың айтулы күні-1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага Конвенциясының қабылданғанына 40 жыл толуына орайластырылған.
- Қатысушылар саны 90-нан астам адамды құрады.
- Мына, өзекті мәселелер мен проблемалар талқыланды:
- балаларды халықаралық ұрлау мәселелерін шешудегі Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның рөлі;
- Германиядағы орталық орган ретінде Федералды Әділет ведомствоның жұмыс әдістері (тәжірибе алмасу. Best Practices презентациясы);
- судьялардың практикалық жұмысы мен міндеттері, үлгілік рәсімдер мен мерзімдер;
- 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны іске асыру шеңберіндегі құқық қолдану практикасы және құқықтық көмек көрсету.
- Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының өкілі Джералдина Гох Эсколар ханым 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага Конвенциясының 13-бабының 1 B-тармағының презентациясы өткізді.
- Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясымен балалардың ерекше қамқорлық пен көмек алуға құқығы анықталған. «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біздің елімізде орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан балаларды заңсыз алып өтудің, ұрлаудың, олармен сауда жасауды алдын алу және жол бермеу, сондай-ақ оларды тұрақты еліне қайтару бойынша шаралар қабылдануда
- Қазақстан отбасылық қатынастарды реттейтін бірқатар халықаралық келісімдердің, атап айтқанда, 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылады. Конвенцияның мақсаты-, балаларға халықаралық ауқымда оларды заңсыз алып өтудің немесе күштеп ұстап алудың зиянды салдарынан қорғауды және олар тұрақты тұратын мемлекетке олардың дереу қайтарылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сөйлесу құқығын қорғауды қамтамасыз ету
- Баланы қайтару және оған қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру процесі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және сот арқылы іске асырылады.