ЕРІКТІЛЕР МИССИЯСЫ

ЕРІКТІЛЕР МИССИЯСЫ

Бүгін республиканың барлық өңірінен волонтер болғысы келетін 400-ден астам бала Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің пікірталас алаңында бірігіп, «KAZBRANDS» ҚҚ ұйымдастырған «Тәлімгерлер мен еріктілер мектебі» онлайн-тренингінің қатысушылары болды.

Алғы сөзінде Комитет төрағасы Е.Н.Иманғалиев балалардың бір-біріне деген толеранттылық қарым-қатынас құндылықтарын бойларына сіңірудің маңыздылығы мен волонтер балаларды тәрбиелеу қажеттілігін атап өтті.

Жас құқық қорғаушылар мен еріктілер үшін өте пайдалы ақпараттарымен психология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті психология кафедрасының оқытушысы, ғылыми жетекші, психолог-консультант А.К.Байздрахманова, ШҚО Белоусовка ауылы мектебінің директоры, оқытушы-тренер, коуч М.Карибаева, Педагог-психолог, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті З.М.Садвакасов​ мен "Синэргия-Қазақстан" университетінің президенті Б.Қасымбергебаев  ​бөлісті.

Ғалымдар мен психологтар, әлеуметтік белсенділер қиын өмірлік жағдайдағы балалармен қарым-қатынас жасау, жанжалды шешу, бітімгершілік, депрессия жағдайынан шығу сынды еріктілердің бойында болуы қажет дағдыларға тоқталып, балалардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Kazbrands» қоғамдық қорының бастамасын қолдаған психологтар мен заңгерлерге, барлық мұғалімдерге алғыс білдіреді.

Бұл жұмыс 3 күндік онлайн-тренинг аясында жалғасатын болады.