
Бүгін ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылованың төрағалығымен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым басшыларының қатысуымен кезекті кеңес өткізді.
Іс-шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиялық институтутының профессоры Бегалиев Ернар Нұрланұлы, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, Қамқоршылық кеңестердің, қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың мүшелері, жергілікті атқарушы органдар жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия хатшылары қатысты.
Кеңесте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қайта көтеріліп, осы бағыт бойынша бірлескен жобалар таныстырылды.
Мәселен, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп, есікті ашуды сұраған немесе бөтен адамдар өздерімен бірге ертіп жүруге шақырған балалардың қатысуымен әлеуметтік эксперименттер жүргізілді. Балалар бейтаныс адамдарды ықылас таныта қызығушылықпен үйлеріне кіргізіп, қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытқан.
Эксперимент ата-аналарға балаларына бейтаныс адамдармен мінез-құлық ережелеріне үйрету және назар аудару қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Ата-аналарға тек бала мен оның жақындары білетін пароль немесе код сөзін келісуге кеңес беріледі. Осы шаралардың барлығы балаларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Сондай-ақ, қазақстандық ата-аналарға көмек ретінде ҚР Ішкі істер министрлігі бизнес-құрылымдардың өкілдерімен бірлесіп «Мені тап» мобильді қосымшасын әзірлеу және апробациялау жобасын ұсынды.
Бұл бағдарлама баланың киіміне немесе жеке заттарына трекер жүйесін орнатуды қамтиды, бұл қажет болған жағдайда оның қазіргі орналасқан жерін білуге мүмкіндік береді.
Барлық осы шаралар ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олармен жағымсыз салдардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша Алматы қаласының білім беру ұйымдарында «Мені тап» бағдарламасын пилоттық режимде енгізу туралы шешім қабылданды.
ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР! Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бейнероликтер топтамасы әзірленгенін хабарлайды. Пайдалы бейнероликтер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
Сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1c7W3HJZvVrWULlDYjM7zvqn2IBmXSHXs?usp=sharing.