
Жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары көшбасшылары республикалық кеңесінің мүшесі Артем Османовтың бастамасымен 9-16 қараша аралығында «Сен жарқын жұлдызсың!» атты байқау интернаттық мекемелер арасында өтті. Оған республиканың 15 облысының 22 ұйымынан 42 қатысушы қатысты. Құрамына қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ҚР БҒМ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енген конкурстық комиссия 60-қа жуық бейне өтінішті қарады. Қатысушылар өз үйлерін таныстырып, өнердің түрлі бағыттары бойынша шеберліктерін ортаға салды. Осылайша балалар өнердегі, музыкалық шығармашылықтағы, өздерінің спорттық жетістіктері мен қолөнердегі қабілеттерін көрсетті. Бұл байқау олардың қиялдарын ұштап, әр жұмыстың сүйіспеншілік және мейірімділік арқылы жасалғандығын, тәрбиеленушілердің жан-жақтылығын байқатты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын: Алматы облысының «Айналайын» балалар үйі
2 орын: Қостанай облысының «Рудный балалар үйі»
3 орын: Атырау облыстық балалар ауылы және Алматы облыстық №1 балалар үйі
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталатын болады.