
БҮГІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ҚР БҒМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Б. АСЫЛОВАНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТТІ.
Шараға ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.А. Әзімова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сондай-ақ прокуратура өкілдері, қамқоршылық кеңестердің, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың мүшелері қатысты.
Шара барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар осы мекемелерде тамақтандыруды ұйымдастыру сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Өз сөзінде Аружан Саин интернаттық мекемелердегі тамақтандыруды ұйымдастырудағы проблемаларды көтерді. Өз сөзінде А. Саин аталған мәселе бойынша анықталған бұзушылықтарды, балалардың нашар және жеткіліксіз тамақтануға шағымдары туралы, мерзімі өткен және сапасыз өнімдер жйалы айтты.
Шығыс Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі Лаура Әділханқызы Түгелова жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде анықталған бұзушылықтар және оларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндап берді.
Кеңес қорытындысы бойынша интернаттық ұйымдардағы балалардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.