"БАЛАЛАР ӨКІЛДІКТЕРІ – БАЛАЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР"

"БАЛАЛАР ӨКІЛДІКТЕРІ – БАЛАЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР"

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БАЛАЛАР ӨКІЛДІКТЕРІНІҢ I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ ТУРАЛЫ

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ»

2020 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдіктерінің I республикалық онлайн-слеті өтті. Zoom платформасында өткен шараға 500 көшбасшы бала қатысты.

​

Слет барысы әлеуметтік желілілердегі парақшаларда тікелей эфирде ұйымдастырылды.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н. Иманғалиев, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизен өз жылы лебіздерін білдірді

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Республиканың ​ білім беру ұйымдарындағы балалар өкілдіктерінің қызметі біздің елдегі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жүйесінің жаңа кезеңі болып табылады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мақсаты – балалардың балалық шақ мәселелерін шешуге қатысудың құқығын іске асыру, белсенді өмірлік ұстанымды және өз пікірін еркін білдіру құқықтарын қалыптастыру.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 2020 жылдың қараша айында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілдіктерінің республикалық кеңесінің құрамы бекітілді.


Республикалық кеңеске мүше 287 бала республиканың барлық қалалары мен аудандарынан іріктелді. Мұндай механизм мемлекеттік органдарға балалармен бірге республиканың барлық елді мекендерінде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Слет барысында балалар өздерінің ұсыныстарын білдірді:

Адамгершілік-рухани тәрбие идеяларын насихаттауға және таратуға көпшіліктің назарын аудару, балалардың өздері үшін, басқалар үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, олардың балалық шақтың өзекті мәселелерін шешуге қатысуын қамтамасыз ету - Федорович ​ Виктория (Алматы облысы, Талдықорған қаласы), Саркытбай Ерсұлтан (Нұр-Сұлтан қ.), Узакбаев Алан (Батыс Қазақстан облысы, Тасқалы ауданы), Аблахасов Сағыныш (Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы), Адилова​ Альбина (Атырау облысы, Еңбекші Құрманғазы ауданы)).

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сартова Ақмарал (Қызылорда қ.), Сапина Аружан (Ақтөбе облысы, Хромтау), Ерболат Аяулым (Алматы облысы, Көксу ауданы), Рамазанов Шамиль (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.) слетке қатысушы замандастарымен өмірде және интернетте балалардың мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз оқыту жағдайларын жасау бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

​ Артем Османов (Алматы облысы), Медина және Фатима Майсар (Алматы қ.) Амантай Мирас (Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы), Иса Кәусар (Алматы), Алиева Наргиз (Алматы қ.) қоғамдағы зорлық-зомбылыққа төзімсіз көзқарас қалыптастыру мәселелері туралы айтты.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ал Қарағанды ​​техникалық-құрылыс колледжінің үшінші курс студенті Мадияр Бугутаев ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше назар аудару, оларға тең және кедергісіз оқыту мен өмір жағдайларын жасау ​ туралы айтып берді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ашық микрофон кезінде балалар өзара пікір алмасып, спикерлерге және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдеріне сұрақтарын қойды.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бұл форматтағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.