2020 жылдың 5 қарашасында Нұр-Сұлтан, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының бірлескен аймақтық отырысында бала құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қаралды.

2020 жылдың 5 қарашасында Нұр-Сұлтан, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының бірлескен аймақтық отырысында бала құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қаралды.

2020 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚАЗАНЫ МЕН 20 ҚАРАШАСЫ АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛА ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» АТТЫ БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ.

2020 жылдың 5 қарашасында Нұр-Сұлтан, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының бірлескен аймақтық отырысында бала құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Аталған отырыстың жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, орталық мемлекеттік органдардың, адам құқықтарын қорғау бойынша Ұлттық орталықтың, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының орынбасарлары, қала, аудан әкімдерінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарлары, облыстық, аудандық, қалалық білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау​ басқармаларының басшылары,​ құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Облыс әкімдіктерінің назарын әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, жарақаттанудың және оларға қарсы қылмыстың алдын алу шаралары мен ата-аналарды (заңды тұлғаларын) құқықтық ақпараттандыру​ жұмыстарына назар аударылды.

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту бойынша өңірлік іс-тәжірибелерімен Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы ​ Кадырова Шолпан Маратқызы, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Кожахметова Гүлсім Шабданқызы бөлісті.

Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарында ата-аналар қоғамдастығын құқықтық ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы облыстық білім басқармаларының басшылары Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы мен Каримова Гульмира Раинбекқызы баяндады.

Бала құқықтарын қорғау комитеті аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне белсенділік танытқаны үшін алғысын білдіреді.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өмірдің қиын жағдайына түскен балаларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетудегі мемлекеттік органдармен байланыс бойынша конструктивті ұсынымдар жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар енгізілді.