ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Б.АСЫЛОВАНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ.

ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Б.АСЫЛОВАНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ.

Жиында балаларды Денсаулық сақтау ұйымдарынан әлеуметтік қорғау және білім беру ұйымдарына беру мәселелеріндегі ведомствоаралық өзара іс-әрекет мәселелері қаралды.

Мәселен, Павлодар облысында тәрбиеленушілерді балалар үйлерінен әлеуметтік қорғау және білім беру жүйесінің интернаттық мекемелеріне беру тетігі көрсетілген. Павлодар облысындағы мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері Бағдат Қалдыбекқызы Кембаева өз сөзінде балаларды басқа мекемелерге ауыстыру ағалы-інілі және апалы-сіңілі болуын, оның даму ерекшеліктерімен өзге де факторларды ескере отырып, жүргізілетінін атап өтті. Балалар басқа ұйымдарға ауыстырылғанына қарамастан, сәбилер үйі олардың одан әрі дамуын қадағалайды, тәрбиелеу мен оқытуға көмек көрсетеді.

Сонымен қатар денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-әрекет тақырыбында Павлодар облысының Шақат отбасылық үлгідегі балалар үйінің директоры Ғабиден Сарыбекұлы Унгаров пен Павлодар облыстық балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету психоневрологиялық орталығының директоры Азил Бауыржанұлы Манабаев баяндама жасады. Олар басқа балалар ұйымдарынан қабылданғандардың тәрбие мен оқыту мәселелеріндегі сабақтастықтығының маңыздылығын атап өтті.

         Сондай-ақ «Отбасылық тәрбие институтының» президенті Евдокимова Софья Львовна практикалық көмек көрсету мақсатында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларына балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы  өз тәжірибесімен бөлісті.

Белсенді диалог алаңы барысында жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ведомствоаралық әрекеттестік пен кешенді әлеуметтік қызметтер көрсетуде балаларды сәбилер үйінен әлеуметтік қорғау мен білім беру жүйелеріне тапсыру мәселелерінде көмек болатын ұсынымдар әзірленді.