Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 39 қызметкерлері үшін оқыту курсын өткізді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 39 қызметкерлері үшін оқыту курсын өткізді.

2020 жылғы 8 – 23 қазан аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ана үйі» қоғамдық қорының базасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 39 қызметкерлері үшін оқыту курсын өткізді.

         Курстың мақсаты-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ерекшеліктері туралы білім беру, заңнаманы түсіндіру, тәрбиелік құзыреттілікті, ата-ана дағдыларын, асырап алушы баланы тәрбиелеу үшін ресурстарды қалыптастыру.

         Әр сабақ сезіммен және тәжірибемен алмасумен аяқталды.

Сабақтар әртүрлі технологияларды қолдану арқылы өткізілді:

  • скайпта 3 топ құрылды ;
  • жеке АККАУНТ құрылды    @shpr_obuchenie;
  • оқу мәселелері бойынша 3 чат құрылды
  • оқу материалдары  (бағдарлама, онлайн форматтағы бағдарлама, стандарттар);
  • онлайн тестілеу.

Оқыту курсын онлайн форматта аяқтағаннан кейін тыңдаушылар білім беру ұйымдарының базасында әлеуетті асырап алушы ата-аналардың психологиялық дайындық курстарын өткізуге құқық беретін асырап алушы ата-аналар мектебі жаттықтырушыларының сертификаттарына ие болды.