
2020 жылғы 21 қазанда Сирия мен Ирактан оралған отбасылар мен балаларды психо-әлеуметтік қолдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша сараптамалық онлайн-кездесу өтті, оған Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (бұдан әрі – ХҚКК) және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Орталық Азиядағы ХҚКК Өңірлік делегациясының басшысы Сангита Кениг құттықтау сөз сөйледі, онда ол Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарды дамытудың, сондай-ақ Сирия мен Ирактан өз азаматтарын әкету бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу аясында ХҚКК Сирия мен Ирактан оралған адамдарды психо-әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру мәселесі бойынша тәжірибесінің тұсаукесері өтті.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Сирия мен Ирактан оралған балалармен жұмыс жағдайы, қабылданған шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар етті.
Кездесу соңында Сирия мен Ирактан оралған балаларды әлеуметтік оңалтудың тиімділігін арттыру бойынша бағыттарды анықтау мақсатында одан әрі кездесулер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.